
Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 08-11 желтоқсанда күтілетін ауа райының күрт өзгеруі және қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескерту сақталады:
Астана қ.: 09 желтоқсанда кей уақыттарда қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 09 желтоқсанда ауа температурасының түнде және күндіз 20-22 градус аязға дейін күрт төмендейді, 10 желтоқсанда түнде 24-26 градус аязға дейін төмендейді.
Шымкент қ.: 10-11 желтоқсанда түнде 4-6 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
09 желтоқсанда Ақтөбе облысында түнде ауа температурасының 13-18, облыстың солтүстік-шығысында 23 градус аязға дейін күрт төмендейді, 10 желтоқсанда түнде 15-20, облыстың солтүстік-шығысында 25 аязға дейін төмендейді.
Ақтөбе қ.: 09 желтоқсанда түнде ауа температурасының 13-15 градус аязға, 10 желтоқсанда түнде 15-17 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
08 желтоқсанда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 08-10 желтоқсанда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. 08 желтоқсанда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. 09 желтоқсанда ауа температурасының түнде 20-25, облыстың солтүстігінде 28 градус аязға дейін күрт төмендейді, 10 желтоқсанда 22-27, облыстың солтүстігінде 30 градус аязға дейін төмендейді.
Қостанай қ.: 08 желтоқсанда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 09 желтоқсанда ауа температурасының түнде 22-24 градус аязға дейін күрт төмендейді, 10 желтоқсанда 23-25 градус аязға дейін төмендейді.
08 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, облыстың шығысында қатты қар, 09 желтоқсанда облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. 08-10 желтоқсанда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.08 желтоқсанда солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. 08 желтоқсанда ауа температурасының түнде және күндіз 10-15 градус аязға дейін күрт төмендейді, 09 желтоқсанда түнде 22-27, облыстың солтүстігінде 30, 10 желтоқсанда түнде 25-30 градус аязға дейін төмендейді.
Петропавл қ.: 08 желтоқсанда қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с. 08 желтоқсанда ауа температурасының түнде және күндіз 12-14 градус аязға дейін күрт төмендейді, 09-10 желтоқсанда түнде 25-27 градус аязға дейін төмендейді.
08 желтоқсанда Ақмола облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, 09 желтоқсанда облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, түнде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. 08-10 желтоқсанда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. 08 желтоқсанда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. 09 желтоқсанда ауа температурасының түнде 20-25, облыстың солтүстігінде 28 градус аязға дейін күрт төмендейді, 10 желтоқсанда түнде 22-27, облыстың солтүстігінде 30 градус аязға дейін төмендейді.
Көкшетау қ.: 08 желтоқсанда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, 09 желтоқсанда түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. 09 желтоқсанда ауа температурасының түнде 23-25 градус аязға дейін күрт төмендейді, 10 желтоқсанда түнде 25-27 градус аязға дейін төмендейді.
09 желтоқсанда Павлодар облысында қар, бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. 09-10 желтоқсанда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. 09 желтоқсанда солтүстіктен жел облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. 09 желтоқсанда ауа температурасы түнде және күндіз 20-25, облыстың солтүстігінде 28 аязға дейін күрт төмендейді, 10 желтоқсанда түнде 22-27, облыстың солтүстігінде 30 градус аязға дейін, 11 желтоқсанда түнде 25-30 аязға дейін төмендейді.
09 желтоқсанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, бұрқасын, тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. 09 желтоқсанда ауа температурасының түнде және күндіз 10-15, облыстың солтүстігінде 20 градус азға дейін күрт төмендейді, 10 желтоқсанда түнде 15-20, облыстың шығысында 25 градус аязға дейін төмендейді.
Жезқазған қ.: 09 желтоқсанда ауа температурасының түнде және күндіз 10-12 градус аязға дейін күрт төмендейді, 10-11 желтоқсанда түнде 15-17 градус аязға дейін төмендейді.
09 желтоқсанда Қарағанды облысында қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Ауа температурасының түнде және күндіз 15-20, облыстың солтүстік-батысында 25 градус аязға дейін күрт төмендейді, 10 желтоқсанда түнде 20-25, облыстың солтүстік-шығысында 30 градус аязға дейін, 11 желтоқсанда түнде 22-27, облыстың солтүстік-шығысында 32 градус аязға дейін төмендейді.
Қарағанды қ.: 09 желтоқсанда қар, жаяу бұрқасын күтіледі. 09 желтоқсанда ауа температурасының түнде және күндіз 15-17 градус аязға дейін күрт төмендейді, 10-11 желтоқсанда түнде 22-24 градус аязға дейін төмендейді.
10 желтоқсанда Абай облысында түнде қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Ауа температурасының түнде және күндіз 20-25, облыстың солтүстігінде, шығысында 30 градус аязға дейін күрт төмендейді, 11 желтоқсанда түнде 22-27, облыстың солтүстігінде, шығысында 32 аяз градусқа дейін төмендейді.
10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында түнде қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, облыстың шығысында қатты қар күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 22-27, облыстың солтүстігінде, шығысында 30 градус аязға дейін күрт төмендейді, 11 желтоқсанда түнде 25-30, облыстың солтүстігінде, шығысында 33 градус аязға дейін өмендейді.
09 желтоқсанда Қызылорда облысында ауа температурасының түнде 5-10, облыстың солтүстігінде 13 градус аязға дейін күрт төмендейді, 10-11 желтоқсанда түнде 10-15 градус аязға дейін күрт төмендейді.
10-11 желтоқсанда Түркістан облысында ауа температурасының түнде 1-6, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 13 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Түркістан қ.: 10-11 желтоқсанда түнде 4-6 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
10 желтоқсанда Жамбыл облысында ауа температурасының түнде 5-10, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 13 градус аязға дейін күрт төмендейді, 11 желтоқсанда түнде 8-13, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 16 градус аязға дейін төмендейді.
Тараз қ.: 10 желтоқсанда ауа температурасының түнде 5-7 градус аязға дейін күрт төмендейді, 11 желтоқсанда түнде 8-10 градус аязға дейін төмендейді.
10 желтоқсанда Алматы облысында ауа температурасының түнде 7-12, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 градус аязға дейін күрт төмендейді, 11 желтоқсанда 12-17, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 20-25 градус аязға дейін төмендейді.
10 желтоқсанда Жетісу облысында ауа температурасының түнде 10-15, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 градус аязға дейін күрт төмендейді, 11 желтоқсанда 15-20, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 25 градус аязға дейін төмендейді.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 08 желтоқсанда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Шымкент қ.: 08 желтоқсанда күндіз қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Кей уақыттарда тұман.
08 желтоқсанда кешкі уақытта Алматы облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Алматы қ.: 08 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
08 желтоқсанда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.
Талдыкорган қ.: 08 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
08 желтоқсанда күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Түркістан қ.: 08 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
08 желтоқсанда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар, күндіз облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 08 желтоқсанда кей уақыттарда көктайғақ, тұман күтіледі.
08 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі.
Қызылорда қ: 08 желтоқсанда түнде көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі.
08 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтау қ.: 08 желтоқсанда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі.
08 желтоқсанда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
08 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Орал қ.: 08 желтоқсанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.
08 желтоқсанда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.
Ақтөбе қ.: 08 желтоқсанда күндіз көктайғақ күтіледі.
08 желтоқсанда Павлодар облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Павлодар қ.: 08 желтоқсанда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
08 желтоқсанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі.
Жезқазған қ.: 08 желтоқсанда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.
08 желтоқсанда Қарағанды облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман.
Қарағанды қ.: 08 желтоқсанда көктайғақ күтіледі.
08 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
08 желтоқсанда Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.