
«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескерту сақталады:
22 қарашада Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ: 22 қарашада көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
22 қарашада түнде Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
22 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қар күтіледі. Түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.
22 қарашада Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
22 қарашада түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
22 қарашада түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.
22 қарашада күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
22 қарашада Ақмола облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.
22 қарашада күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
22 қарашада Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
22 қарашада түнде және таңертен Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.
22 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
22-23 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 22 қарашада күндіз, 23 қарашада түнде облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
22 қарашада түнде Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман.
22 қарашада түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман.