МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер

Астана қ: 06 қарашада кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертен және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 06 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Алматы қ.: 06 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

06 қарашада Ақмола облысында қар, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз облыстың шығысында кей уақыттарда 25 м/с.

06 қарашада түнде Абай облысының оңтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың оңүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

06 қарашада Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың оңүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.

06 қарашада күндіз Павлодар облысында қар күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

06 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

06 қарашада Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және тәңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

06 қарашада Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

06 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жаяу бұрқасын, қөқтайғақ. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.

06 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

06 қарашада Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман күтіледі.

06 қарашада Жетісу облысының таулы аудандарында көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алкөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

06 қарашада Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 

Дата публикации
05 ноября 2025
Дата обновления
05 ноября 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

Жедел ақпарат
01 апреля 2026
Дауылды ескертулер
31 марта 2026
Дауылды ескертулер
31 марта 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 30 наурыз)

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты