МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 04-07 қарашада күтілетін ауа райының күрт өзгеруі және қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер

 

 

Дауылды ескертулер сақталады:

 

Ақтөбе облысы 03 қарашада облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, 03 қарашада облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасының түнде 04 қарашада 5-10, облыстың оңтүстігінде 2 аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

 

Қостанай облысы 03 қарашада түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ. 04 қарашада облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, 03, түнде 04 қарашада  облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасының түнде 04 қарашада 8-13, облыстың оңтүстігінде 5 аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

 

Ақмола облысы 03 қарашада жауын-шашын, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). 04 қарашада түнде қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын, облыстың батысында, солтүстігінде қатты қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, 03 қарашада күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, 04 қарашада түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасының түнде 04 қарашада 5-10, облыстың солтүстігінде 13 аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Көкшетау қ.: ауа температурасы түнде 04 қарашада 11-13 аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

 

Астана қ.: 03 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз көктайғақ. 4 қарашада қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз 03, тәулік бойы 04 қарашада екпіні 15-20 м/сСолтүстік жел кейде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасының түнде 04 қарашада 8-10 аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

 

Солтүстік Қазақстан облысы 03 қарашада қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында, оңтүстігінде қатты қар. 04 қараша түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, 03 қарашада екпіні 15-20 м/с, 04 қарашада түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасының түнде 04 қарашада 10-15 аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Петропавл қ.: 03 қарашада қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с. 04 қарашада ауа температурасының түнде 10-12 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

 

Павлодар облысы 03 қарашада түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. 04 қарашада қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында, оңтүстігінде қатты қар. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, 04 қарашада екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы 04 қарашада түнде және күндіз 3-8 аязға дейін, 05 қарашада түнде 10-15 аязға дейін төмендеуі күтіледі.

Павлодар қ.: 03 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, 04 қарашада қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 04 қарашада екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы 04 қарашада түнде және күндіз 3-5 аязға дейін, 05 қарашада түнде 12-14 аязға дейін төмендеуі күтіледі.

 

Ұлытау облысы 03 қарашада түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. 04 қарашада түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, 03 қарашада екпіні 15-20 м/с, 04 қарашада облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасының 04 қарашада түнде және күндіз 3-8 аязға, 05 қарашада түнде 7-12 аязға дейін төмендеуі күтіледі.

 

Қарағанды облысы 03 қарашада түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. 04 қарашада қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Ауа температурасы 04 қарашада түнде және күндіз 2-7, облыстың солтүстігінде 10 аязға дейін, 05 қарашада түнде 8-13 аязға дейін төмендеуі күтіледі.

 

Абай облысы 04 қарашада түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. 05 қарашада қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты қар. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа, батысқа ауысады, екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Ауа температурасының 05 қарашада түнде және күндіз 5-10 аязға дейін төмендеуі күтіледі.

 

Шығыс Қазақстан облысы 04 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. 05 қарашада қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты қар. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Ауа температурасының 05 қарашада түнде және күндіз 5-10, облыстың шығысында 13 аязға дейін төмендеуі күтіледі.

 

03-07 қарашада Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

 

 

Дауылды ескертулер күтіледі:

 

04 қарашада Қызылорда облысының солтүгінде, шығысында, орталығында жауын-шашын жауады (жаңбыр, қар), көктайғақ. 05 қарашада түнде ауа температурасының 5-10 градус аязға дейін төмендейді, 06 қарашада одан әрі төмендейді.

 

04 қарашада Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман. Ауа температурасының күндіз 3-8 градус аяз, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 0 градусқа дейін күрт төмендейді. 

Түркістан қ.: 04 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар),  тұман. Ауа температурасының күндіз 3-5 градусқа дейін күрт төмендейді.

 

Шымкент қ.: 04 қарашада жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман. Ауа температурасының күндіз 3-5 градусқа дейін күрт төмендейді. 

04 қарашада Жамбыл облысында жауын-шашын, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр,қар). Ауа температурасының 05 қарашада түнде 0-5, облыстың солтүгінде, таулы аудандарында температура 8 градусқа дейін күрт төмендейді, 06 қарашада одан әрі төмендейді.

 

04 қарашада Алматы облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, таулы аудандарда жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Ауа температурасының 05 қарашада 1-6 градус үсік, таулы аудандарда 8-13 дейін күрт төмендейді, 06 қарашада одан әрі төмендейді.

 

04 қарашада Жетісу облысының түнде батысында, орталығында жаңбыр, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, таулы аудандарда жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Ауа температурасының 05 қарашада 1-6 градус үсік, таулы аудандарда   8-13 дейін күрт төмендейді, 06 қарашада одан әрі төмендейді.

 

04 қарашада күндіз Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақытта екпіні 15-20 м/с.

Қонаев қ.: 04 қарашада солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.

 

04 қарашада күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар). Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 17-22 м/с.

 

04 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Тараз қ.: 04 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

04 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында солтүстіктен жел соғады, күші 15-20, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 23 м/с күтіледі. Жолдардың бетінде көктайғақ күтіледі.

Петропавл қ.: 04 қарашада солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

 

04 қарашада түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі.

Көкшетау қ.: 04 қарашада түнде және таңертең көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

 

04 қарашада түнде Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және тәңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

 

04 қарашада Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қ.: 04 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.

 

04 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Орал қ.: 04 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

  04 қарашада түнде және таңертең Атырау облысының  батысында, шығысында тұман күтіледі.

 

04 қарашада түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

 

Қарағанды қ.: 04 қарашада қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Дата публикации
03 ноября 2025
Дата обновления
03 ноября 2025
Тип

Сейчас читают

06 ноября 2025
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2025 жылғы 5 қараша)
06 ноября 2025
Дауылды ескертулер
05 ноября 2025
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2025 жылғы 4 қараша)

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты