МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

30-31 қазанда Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

30-31 қазанда Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

30 қазанда түнде  Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

30 қазанда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

30 қазанда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

30 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

30 қазанда түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

30 қазанда Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

30 қазанда Қостанай облысында оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

30 қазанда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с.

30 қазанда түнде және таңертен Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде  екпіні 15-20 м/с.

30 қазанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

30 қазанда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

30 қазанда Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

30 қазанда Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

30 қазанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

30 қазанда Ақмола облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Дата публикации
30 октября 2025
Дата обновления
30 октября 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

Жедел ақпарат
31 октября 2025
Дауылды ескертулер
Жедел ақпарат
30 октября 2025
Дауылды ескертулер
30 октября 2025
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты