
«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер
18-24 қазанда Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
18 қазанда Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
18 қазанда Жамбыл облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
18 қазанда Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 18 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
18 қазанда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
18 қазанда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
18 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
18 қазанда түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
18 қазанда Маңғыстау облысында жоғары өрт қаупі сақталады.
18 қазанда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
18 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
18 қазанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
18 қазанда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
18 қазанда Абай облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
18 қазанда Шығыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
18 қазанда Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.