МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер

14 қазанда күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 14 қазанда шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.  Төтенше өрт қаупі күтіледі.

14 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында 1 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

14 қазанда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталағында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

14 қазанда күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.  Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

14 қазанда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.  

14 қазанда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күндіз 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

14 қазанда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың орталығында 3 градус үсік күтіледі.

14 қазанда күндіз Ақтөбе облысынның батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, төтенше өрт қаупі сақталады.

14 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

14 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

14 қазанда Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

14 қазанда түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысында тұман күтіледі.

14 қазанда Қостанай облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

14 қазанда түнде және таңертең Абай облысының батысында, орталығында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Дата публикации
13 октября 2025
Дата обновления
13 октября 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2025
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2025 жылғы 15 қазан)
15 октября 2025
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2025 жылғы 13 қазан)
Жедел ақпарат
15 октября 2025
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Тұрақты даму мақсаттары
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері