Дауылды ескертулер
Дауылды ескерту сақталады:
03 қазанда Ақтөбе облысының солүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе қ.: 03 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескерулер күтіледі:
03 қазанда түнде Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.
Өскемен қ.: 03 қазанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
03 қазанда түнде Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Семей қ.: 03 қазанда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
03-05 қазанда Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 1-3 градус үсік күтіледі.
Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
03 қазанда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 1-3 градус үсік күтіледі.
Талдықорған қ.: 03 қазанда түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
03 қазанда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Көкшетау қ.: 03 қазанда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
03 қазанда Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Түнде 03 қазанда облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 1 градус үсік сақталады.
03 қазанда облыстың солтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан қ.: 03 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
03 қазанда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі.
Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Орал қ.: 03 қазанда түнде топырақ үстінде 3 градус үсік күтіледі.
Жоғары өрт қаупі сақталады.
03 қазанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 03 қазанда түнде кей уақыттарда тұман күтіледі.
03 қазанда Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау қ.: 03 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
03 қазанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі.
Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтау қ.: 03 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
03 қазанда Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Павлодар қ.: 03 қазанда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
03 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
03 қазанда түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.
03 қазанда Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
03 қазанда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
03 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Петропавл қ.: 03 қазанда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.