МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 28 қыркүйек-01 қазан күтілетін ауа райының күрт өзгеруі және қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы   «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер

 

Дауылды ескертулер сақталады:

 

28 қыркүйекте күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, 29-30 қыркүйекте тәулік бойы оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын жауады (жаңбырдың соңы қарға ұласады).  27 қыркүйекте күндіз облыстың батысында, солтүстігінде ауа температурасының 8-13 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 29 қыркүйекте ауа температурасының түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік, күндіз 5-10 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. 30 қыркүйекте түнде 1-6 градус аяз күтіледі.

Көкшетау қ.: 27 қыркүйекте күндіз ауа температурасының 9-11 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 29 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 1 градус үсік, күндіз 5-7 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. 30 қыркүйекте түнде 1-3 градус аяз күтіледі.

Астана қ.: 28 қыркүйекте күндіз ауа температурасының 10-12 градус жылыға дейін күрт төмедеуі күтіледі.

28 қыркүйекте күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын жауады (жаңбырдың соңы қарға ұласады). 29 қыркүйекте ауа температурасының түнде 1-6 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі.

28 қыркүйекте күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, 29-30 қыркүйекте тәулік бойы оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын жауады (жаңбырдың соңы қарға ұласады).  29 қыркүйекте күндіз ауа температурасының 7-12 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 30 қыркүйекте ауа температурасының түнде 0-5 градус жылы, облыстың солтүстігінде 3 градус үсік, күндіз 5-10 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. 01 қазанда түнде 1-6 градус аяз күтіледі.

29 қыркүйекте Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, 30 қыркүйекте солтүстігінде, шығысында жауын-шашын жауады (жаңбырдың соңы қарға ұласады).   30 қыркүйекте ауа температурасының түнде 1-6 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі.

30 қыркүйекте түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын жауады (жаңбырдың соңы қарға ұласады). 29 қыркүйекте түнде ауа температурасының  0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік, күндіз 5-10 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. 30 қыркүйекте түнде 1-6 градус аяз күтіледі.

30 қыркүйекте Абай облысының солтүстігінде жауын-шашын жауады (жаңбырдың соңы қарға ұласады). 29 қыркүйекте күндіз облыстың батысында, солтүстігінде ауа температурасының 10-15 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 30 қыркүйекте ауа температурасының түнде         0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік, күндіз 10-15, облыстың батысында, солтүстігінде 5 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі.

30 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын жауады (жаңбырдың соңы қарға ұласады). 29 қыркүйекте күндіз облыстың батысында, солтүстігінде ауа температурасының 10-15 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі. 01 қазанда түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсікке дейін төмендеуі күтіледі.

27-30 қыркүйекте Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Дауылды ескерулер күтіледі:

 

 

28 қыркүйекте түнде Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), облыстың шығысында қатты жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні              15-20 м/с.

Астана қ.: 28 қыркүйекте түнде және таңертең  тұман күтіледі. Солүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Көкшетау қ.: 28 қыркүйекте түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі.

 

28 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың  оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

 

28 қыркүйекте Павлодар облысында солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

 

28 қыркүйекте түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-18 м/с.

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

 

28 қыркүйекте түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

 

28 қыркүйекте күндіз Қостанай облысының солтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Түнде облыстың батысында, шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

 

28 қырқүйекте түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе қ. : 28 қыркүйекте түнде 2 градус үсік күтіледі.

 

28 қыркүйекте Түркістан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 28 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан қ.: 28 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

 

28 қыркүйекте Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

 

28 қыркүйекте Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

        

28 қыркүйекте түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында 1 градус үсік күтіледі.

Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Орал қ.: 28 қыркүйекте түнде топырақ үстінде 1 градус үсік күтіледі.

Жоғары өрт қаупі сақталады.

 

28 қыркүйекте түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау қ.: 28 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Төтенше өрт қаупі сақталады.

 

28 қыркүйекте Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.  

 

Дата публикации
28 сентября 2025
Дата обновления
28 сентября 2025
Тип

Сейчас читают

30 сентября 2025
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2025 жылғы 29 қыркүйек)
30 сентября 2025
Дауылды ескертулер
29 сентября 2025
НҚА жобасын орналастыру туралы хабарландыру

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Тұрақты даму мақсаттары
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері