«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
09-12 қыркүйекте Жетісу облысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 12 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.
Алматы қ.: 12 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 12 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
12 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, облыстың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
12 қыркүйекте күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 23 м/с.
12 қыркүйекте күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
12 қыркүйекте Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
12 қыркүйекте Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
12-13 қыркүйекте Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, облыстың шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
12 қыркүйекте Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
12 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
12 қыркүйекте күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
12 қыркүйекте таңертең және күндіз Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
12 қырқүйекте күндіз Ақтөбе облысының солтүстіктен, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі. Батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
12 қыркүйекте күндіз Батыс Қазақстан облысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
12 қыркүйекте күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
12 қыркүйекте таңертең және күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
12 қыркүйекте түнде және таңертең Ұлытау облысының шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
12 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
12 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.