Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 05-08 қыркүйекте күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
04 қыркүйекте Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
04-06 қыркүйекте облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Талдықорған қ.: 04-06 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
05 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Орал қ.: 05 қыркүйекте найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
05 қыркүйекте Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау қ.: 05 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі.
Жоғары өрт қаупі сақталады.
05 қыркүйекте түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Өскемен қ.: 05 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.
05 қыркүйекте түнде және таңертең Абай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
05 қыркүйекте Қостанай облысының орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай қ.: 05 қыркүйекте таңертең және күндіз найзағай күтіледі.
05 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Петропавл қ.: 05 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.
05 қыркүйекте Қарағанды облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
05 қыркүйекте Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жезқазған қ.: 05 қыркүйекте оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жоғары өрт қаупі сақталады.
05 қырқүйекте Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе қ.: 05 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі.
Жоғары өрт қаупі сақталады.
05-08 қыркүйекте Алматы облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы қ.: 05-08 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Қонаев қ.: 05-08 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
05-06 қыркүйекте Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, облыстың шығысында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
05 қыркүйекте Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 05 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
05 қыркүйекте түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
05 қыркүйекте күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
05 қыркүйекте Түркістан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 05 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан қ.: 05 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
05 қыркүйекте түнде Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 05 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
05 қыркүйекте Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтау қ.: 05 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.