МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

 «Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

01-02 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының шығысында, 03 қыркүейекте түнде солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр соңы жылбысқы қарға ұласады) күтіледі. 01-02 қыркүйекте облыстың шығысында, 03 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, шығысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

03-04 қыркүйекте Абай облысының солтүстігінде түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

02 қыркүйекте Қостанай облысының солтүстігінде түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

02-03 қыркүйекте Ақмола, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, шығысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

02-03 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

31 тамызда Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. 31 тамыз-02 қыркүйекте  жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде 01-02 қыркүйекте Ақмола, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) күтіледі.

Түнде 01 қыркүйекте Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, 02 қыркүйекте оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) күтіледі

Түнде 01-02 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 02 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 02-04 тамызда төтенші өрт қаупі күтіледі.

Шымкент қ.: 02 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

02 қыркүйекте Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

02 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

02 қыркүйекте Алматы облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. 02-04 қыркүйекте облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

02 қыркүйекте Жетісу облысында солтүстіктен жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

02 қыркүйекте күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

02 қыркүйекте Атырау облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

02 қыркүйекте күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады 15-18 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. 

02 қырқүйекте күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

02 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады

02 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

02 қыркүйекте түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

02 қыркүйекте Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

02 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

02 қыркүйекте Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

02 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

02 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облысының шығысында екпіні 15-20 м/с.

02 қыркүйекте күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Дата публикации
01 сентября 2025
Дата обновления
01 сентября 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

02 сентября 2025
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2025 жылғы 1 қыркүйек)
Жедел ақпарат
01 сентября 2025
Дауылды ескертулер
31 августа 2025
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы