МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

 «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

23-27 тамызда Маңғыстау облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С, облыстың оңтүстігінде +38°С қатты ыстықтан +33+38°С қатты ыстыққа дейін жоғарылайды. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты  төтенше өрт қаупі сақталады.

24-28 тамызда Қызылорда облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +32+37°С, облыстың оңтүстігінде +40°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен төтенше өрт қаупі сақталады.

24-30 тамызда Түркістан облысында ауа температурасы күндіз +33+38°С-тан +35+40°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты  төтенше өрт қаупі сақталады.

25-30 тамызда Жамбыл облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +33+38°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен төтенше өрт қаупі сақталады.

25-30 тамызда Алматы, Жетісу облыстарында ауа температурасы күндіз +27+32°С-тан +33+38°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен төтенше өрт қаупі күтіледі.

25-29 тамызда Алматы облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 25-29 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

26-28 тамызда күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. 27-28 тамызда күндіз облыстың шөлді аудандарында 41 градус қатты ыстық. 26-28 тамызда облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 26-28 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

26-28 тамызда күндіз Алматы облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

27 тамызда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шағысында екпіні 15-20 м/с.

27 тамызда күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі.

27 тамызда Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

27 тамызда түнде Батыс Қазақстан облысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

27 тамызда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

27 тамызда түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

27 тамызда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15 м/с күтіледі.

27 тамызда күндіз Қостанай облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

27 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

27 тамызда Ақмола облысының батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

27 тамызда Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

27 тамызда күндіз Ұлытау облысының батысында 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі.

27 тамызда Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-18 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

27 тамызда Абай облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың  оңтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Дата публикации
26 августа 2025
Дата обновления
26 августа 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

27 августа 2025
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2025 жылғы 26 тамыз)
26 августа 2025
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2025 жылғы 25 тамыз)
Жедел ақпарат
26 августа 2025
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы