
«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
23-27 тамызда Маңғыстау облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С, облыстың оңтүстігінде +38°С қатты ыстықтан +33+38°С қатты ыстыққа дейін жоғарылайды. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.
24-28 тамызда Қызылорда облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +32+37°С, облыстың оңтүстігінде +40°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен төтенше өрт қаупі сақталады.
24-30 тамызда Түркістан облысында ауа температурасы күндіз +33+38°С-тан +35+40°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.
25-30 тамызда Жамбыл облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +33+38°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен төтенше өрт қаупі сақталады.
25-30 тамызда Алматы, Жетісу облыстарында ауа температурасы күндіз +27+32°С-тан +33+38°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен төтенше өрт қаупі күтіледі.
24-25 тамызда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, орталғында 35 градус қатты ыстық күтіледі. 23-25 тамызда облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Алматы қ.: 25-29 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 25 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
25 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Орал қ.: 25 тамызда күндіз қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
25 тамызда күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 31-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
25 тамызда таңертең және күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
25 тамызда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
25 тамызда Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
25 тамызда күндіз Қызылорда облысының шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.
25-29 тамызда Алматы облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
25 тамызда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, облыстың шағысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
25 тамызда Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
25 тамызда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
25 тамызда түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
25 тамызда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
25 тамызда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-18 м/с күтіледі.
25 тамызда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
25 тамызда Қарағанды облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
25 тамызда Ұлытау облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.