МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

 «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 23 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Алматы қ.: 23 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады күндіз екпіні 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 23 тамызда таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

23 тамызда
күндіз Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.

23 тамызда күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай. Түнде және таңертен облыстың оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

23 тамызда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

23 тамызда күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

23 тамызда күндіз Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

23 тамызда түнде Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

24-25 тамызда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, орталғында 35 градус қатты ыстық күтіледі. 23-25 тамызда облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

23 тамызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

23 тамызда Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

23 тамызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

23 тамызда түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

23 тамызда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

23 тамызда күндіз Жетісу облысының шығысында, орталығында,  таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шағысында, солтүстігінде 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 20-25 м/с.  

23 тамызда күндіз  Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

23 тамызда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.                          

23 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының түнде солтүстігінде, шығысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

23 тамызда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

23 тамызда таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Дата публикации
22 августа 2025
Дата обновления
22 августа 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

24 августа 2025
Дауылды ескертулер
Жедел ақпарат
24 августа 2025
Дауылды ескертулер
Жедел ақпарат
22 августа 2025
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы