«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
19-21 тамызда Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 20 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматы қ.: 20-22 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 20 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
20 тамызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 25 м/с.
20 тамызда Қостанай облысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
20 тамызда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
20 тамызда таңертең және күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
20 тамызда Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
20 тамызда күндіз Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
20 тамызда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
20 тамызда Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
20 тамызда Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
20 тамызда түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
20 тамызда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
20 тамызда түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
20-22 тамызда Алматы облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
20 тамызда Жетісу облысында батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
20 тамызда Түркістан облысында төтенше өрт қаупі сақталады.