МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

 «Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

16 тамызда Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. 16-17 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.  

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 17 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Алматы қ.: 17 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 17-18 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

17 тамызда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

17 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

17 тамызда Қарағанды облысының солтүстігінде шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

17 тамызда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай  күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

17 тамызда түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай,  күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізоблыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

17 тамызда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

17 тамызда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

17 тамызда Абай облысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

17 тамызда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

17 тамызда түнде Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстаң  жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

17 тамызда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

17 тамызда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. 17-18 тамызда облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

17 тамызда күндіз Қызылорда облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

17 тамызда түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

17 тамызда Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

17 тамызда Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

17 тамызда Маңғыстау облысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Дата публикации
17 августа 2025
Дата обновления
17 августа 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

Жедел ақпарат
17 августа 2025
Дауылды ескертулер
16 августа 2025
Дауылды ескертулер
14 августа 2025
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2025 жылғы 13 тамыз)

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы