МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 11-13 тамызда күтілетін ауа райының қауіпті және апатты метеорологиялық құбылыстары туралы  «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер

 

 

Дауылды ескертулер сақталады:

 

09-13 тамызда Алматы, Жетісу облыстарында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +34+39°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.

Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен облыстардың басым бөлігінде  төтенше өрт қаупі күтіледі.

09-13 тамызда Жамбыл облысында ауа температурасы күндіз +32+37°С-тан +34+39°С  қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.

Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен облыстың басым бөлігінде  төтенше өрт қаупі күтіледі.

11 тамызда Қызылорда облысында күндіз қатты ыстық +36+41°С сақталады.

Температуралық фонның жоғарылауына байланысты  төтенше өрт қаупі сақталады.

11-13 тамызда Түркістан облысында күндіз қатты ыстық +36+41°С сақталады.

Температуралық фонның жоғарылауына байланысты  төтенше өрт қаупі сақталады.

 

 

Дауылды ескертулер күтіледі:

 

11-13 тамызда күндіз Алматы облысының солтүстігінде, батысында, орталығында 41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

          Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

12-13 тамызда күндіз Жетiсу облысының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.

          Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

 

11 тамызда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20, облыстың орталығында 25 м/с күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі.

Облыстың оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қ.: 11 тамызда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі.

Төтенше өрт қаупі сақталады.

 

11 тамызда күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай қ.: 11 тамызда күндіз найзағай күтіледі.

 

11 тамызда Алматы облысында жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады,   күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 11-13 тамызда күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Алматы қ.: 11-13 тамызда күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қонаев қ.: 11-13 тамызда күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Төтенше өрт қаупі күтіледі.

 

11 тамызда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.  

Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Талдықорған қ.: 11 тамызда жоғары өрт қаупі күтіледі.

 

11 тамызда таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде, ортасында жоғары өрт қаупі сақталады.

Тараз қ.: 11 тамызда күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі.

Жоғары өрт қаупі сақталады.

         

11 тамызда күндіз Түркістан облысында 40 градус қатты ыстық күтіледі.

Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 11 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан қ.: 11 тамызда күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі.

Төтенше өрт қаупі сақталады.

 

11 тамызда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе қ.: 11 тамызда кей уақыттарда найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

 

11 тамызда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі.  Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау қ.: 11 тамызда түнде және таңертең найзағай күтіледі.

Жоғары өрт қаупі сақталады.

 

11 тамызда түнде Маңғыстау облысының батысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтау қ.: 11 тамызда түнде найзағай күтіледі.

Төтенше өрт қаупі сақталады.

 

11 тамызда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі.

Жоғары өрт қаупі сақталады.

 

11 тамызда күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық.  

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жезқазған қ.: 11 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

           

11 тамызда түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысында тұман күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

                                                                                                               

11 тамызда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде,  шығысында тұман күтіледі.

Петропавл қ.: 11 тамызда түнде және таңертен тұман күтіледі.

 

11 тамызда күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

 

 11 тамызда түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

 

11 тамызда Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Дата публикации
10 августа 2025
Дата обновления
10 августа 2025
Тип

Сейчас читают

13 августа 2025
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2025 жылғы 12 тамыз)
12 августа 2025
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2025 жылғы 11 тамыз)
Жедел ақпарат
12 августа 2025
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы