Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 08-10 тамызда күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК
мәліметтері бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
02-09 тамызда Маңғыстау облысында ауа температурасы күндіз +35+40°С-тан +37+42°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +44°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.
02-10 тамызда Қызылорда облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +38+43°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.
Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.
02-10 тамызда Түркістан облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +38+43°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.
Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
08 тамызда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды қ.: 08 тамызда кей уақыттарда найзағай күтіледі.
08 тамызда таңертең және күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Жезқазған қ.: 08 тамызда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық.
Жоғары өрт қаупі күтіледі.
08 тамызда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау етегіндегі, таулы аудандарында екпіні 18 м/с.
08-10 тамызда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы қ.: 09-10 тамызда күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.
Қонаев қ.: 08-10 тамызда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
08 тамызда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.
08-09 тамызда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Талдықорған қ.: 08-09 тамызда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
08 тамызда күндіз Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қызылорда қ.: 08 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
08 тамызда Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 08 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан қ.: 08 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
08 тамызда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, ортасында жоғары өрт қаупі күтіледі.
08 тамызда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе қ.: 08 тамызда күндіз найзағай күтіледі.
08 тамызда Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
08 тамызда күндіз Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Атырау қ.: 08 тамызда күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.
Жоғары өрт қаупі сақталады.
08 тамызда күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-18 м/с күтіледі. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтау қ.: 08 тамызда солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
08 тамызда Қостанай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
08 тамызда Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Астана қ.: 08 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Көкшетау қ.: 08 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
08 тамызда түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, дауыл күтіледі. Найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с
Павлодар қ.: 08 тамызда түнде қатты жаңбыр, дауыл күтіледі. Найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
08 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.
Петропавл қ.: 08 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.
08 тамызда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Өскемен қ.: 08 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
08 тамызда Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Семей қ.: 08 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.