«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
02-07 тамызда Атырау облысында ауа температурасы күндіз +33+38°С-тан +34+39°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +41°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен төтенше өрт қаупі сақталады.
02-09 тамызда Маңғыстау облысында ауа температурасы күндіз +35+40°С-тан +37+42°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +44°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.
02-10 тамызда Қызылорда облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +38+43°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.
02-10 тамызда Түркістан облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +38+43°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 06 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік батыстан соғатын жел солтүстік шығысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Шымкент қ.: 06 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
06 тамызда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 25 м/с.
06 тамызда түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, дауыл күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 15-20, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
06 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
06 тамызда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
06 тамызда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
06 тамызда күннің екінші жартысында Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
06 тамызда күндіз Абай облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
06 тамызда Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
06 тамызда Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
06 тамызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
06 тамызда күндіз Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
06 тамызда күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
06 тамызда күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
06 тамызда Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады.
06 тамызда Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
06 тамызда Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
06 тамызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.