«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
02-07 тамызда Атырау облысында ауа температурасы күндіз +33+38°С-тан +34+39°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +41°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен төтенше өрт қаупі сақталады.
02-09 тамызда Маңғыстау облысында ауа температурасы күндіз +35+40°С-тан +37+42°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +44°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.
02-10 тамызда Қызылорда облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +38+43°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.
02-10 тамызда Түркістан облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +38+43°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 05 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Алматы қ.: 05 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Желдің бағыты солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с.
Шымкент қ.: 05 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
05 тамызда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
05 тамызда күндіз Атырау облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
05 тамызда түнде Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі. Күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
05 тамызда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
05 тамызда күндіз Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады.
05 тамызда күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
05 тамызда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
05 тамызда Алматы облысының оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Желдің бағыты солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
05 тамызда Жетісу облысының таулы аудандарында, күндіз шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
05 тамызда таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
05 тамызда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
05 тамызда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі.
05 тамызда түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
05 тамызда Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың оңтүстігіде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
05 тамызда Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
05 тамызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с.
05 тамызда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.