Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 04-10 тамызда күтілетін ауа райының қауіпті және апатты метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
02-07 тамызда Атырау облысында ауа температурасы күндіз +33+38°С-тан +34+39°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +41°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.
Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен төтенше өрт қаупі сақталады.
02-09 тамызда Маңғыстау облысында ауа температурасы күндіз +35+40°С-тан +37+42°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +44°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.
02-10 тамызда Қызылорда облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +38+43°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.
Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.
02-10 тамызда Түркістан облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +38+43°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.
Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
04 тамызда Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23, кей уақытта 28 м/с.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы қ.: 04 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қонаев қ.: 04 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с.
Төтенше өрт қаупі сақталады:
04 тамызда түнде Жетісу облысының таулы аудандарда, күндіз шығысында, батысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
04 тамызда күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
04 тамызда Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 04тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан қ.: 04 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
04 тамызда Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың оңтүстік жартысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 04 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
04 тамызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Өскемен қ.: 04 тамызда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
04 тамызда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Семей қ.: 04 тамызда түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
04 тамызда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар қ.: 04 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
04 тамызда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Петропавл қ.: 04 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
04 тамызда түнде Қостанай облысының батысында найзағай, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
04 тамызда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
04 тамызда түнде Қарағанды облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігіде кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
04 тамызда Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жезқазған қ.: 04 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
04 тамызда күндіз Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Атырау қ.: 04 тамызда күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
04 тамызда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтау қ.: 04 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.
04 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Орал қ.: 04 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
04 тамызда күндіз Ақтөбе облысының батысында 36 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.