«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескерту сақталады:
30 шілдеде Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде 15-20 м/с. 30-31 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 31 шілдеде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматы қ.: 31 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 31 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
31 шілдеде түнде Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
31 шілдеде Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
31 шілдеде Қарағанды облысының шығысында күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
31 шілдеде түнде Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
31 шілдеде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с.
31 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Найзағай. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
31 шілдеде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
31 шілдеде түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде бұршақ, дауыл. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
31 шілдеде Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
31 шілдеде түнде Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
31 шілдеде күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл, облыстың солтүстігінде бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
31 шілдеде Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстікте, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
31 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
31 шілдеде түнде Абай облысының солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзайғай күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
31 шілдеде түнде Атырау облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
31 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
31 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.