«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
21-28 шілде аралығында Түркістан облысында +36+41°С қатты ыстық сақталады. Температуралық фонның жоғары болуына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.
21-28 шілде аралығында Жамбыл облысында ауа температурасы күндіз +32+37°С-тан +36+41°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғары болуына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.
22-28 шілде аралығында Алматы облысында ауа температурасы күндіз +33+38°С қатты ыстықтан +37+42°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғары болуына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.
22-28 шілде аралығында Жетісу облысында ауа температурасы күндіз +31+36°С қатты ыстықтан +37+42°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғары болуына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.
26-27 шілдеде күндіз Абай облысының оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
27 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы қ.: 25-28 шілдеде күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 26 шілдеде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 26 шілдеде күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
26 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
26 шілдеде күндіз Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
26 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
26 шілдеде күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыс бойынша найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
26 шілдеде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
26 шілдеде таңертең және күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл. Таңертең және күндіз найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
26 шілдеде таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
26 шілдеде түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
26 шілдеде Атырау облысының солүстігінде, шығысында найзағай күтіледі, күндіз бұршақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
26 шілдеде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
26 шілдеде Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
26 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
26 шілдеде Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың орталығында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
26 шілдеде күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
26 шілдеде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі.
26 шілдеде күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күндіз екпіні 15-20 м/с.