МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

 «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

21-25 шілде аралығында Ұлытау облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С қатты ыстықтан +34+39°С-қа дейін, облыстың оңтүстігінде +41°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.

21-28 шілде аралығында Түркістан облысында +36+41°С қатты ыстық сақталады. Температуралық фонның жоғары болуына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.

21-28 шілде аралығында Жамбыл облысында ауа температурасы күндіз +32+37°С-тан +36+41°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғары болуына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.

22-25 шілде аралығында Маңғыстау облысында +35+40°С қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде +43°С өте қатты ыстық сақталады. Температуралық фонның жоғары болуына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.

23-25 шілде аралығында Қызылорда облысында +36+41°С қатты ыстық сақталады. Температуралық фонның жоғары болуына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.

22-28 шілде аралығында Алматы облысында ауа температурасы күндіз +33+38°С қатты ыстықтан +37+42°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғары болуына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.

22-28 шілде аралығында Жетісу облысында ауа температурасы күндіз +31+36°С қатты ыстықтан +37+42°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғары болуына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 22-24 шілдеде күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Конаев қ.: 22-24 шілдеде күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 23 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 23 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

23 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

23 шілдеде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталықта екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

23 шілдеде түнде Атырау облысының батысында, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

23 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде екпіні 15 м/с күтіледі.

23 шілдеде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

23 шілдеде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

23 шілдеде күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.                                                                                  

23 шілдеде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

23 шілдеде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

23 шілдеде күндіз Ұлытау облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

23 шілдеде Қарағанды облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

23 шілдеде күндіз Абай облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

23 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.                                                                 

23 шілдеде күндіз Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

23 шілдеде Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі.

23 шілдеде Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

23 шілдеде Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.

Дата публикации
23 июля 2025
Дата обновления
23 июля 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

24 июля 2025
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2025 жылғы 23 шілде)
Кітаптар
24 июля 2025
1991-2025 жылдар кезеңінде қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері туралы Естелік Кітап
Жедел ақпарат
23 июля 2025
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы