МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

 «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

09-13, 16-20  шілдеде Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +34+39°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +42°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен  жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.

09-13, 16-21 шілдеде Атырау, Маңғыстау  облыстарында ауа температурасы күндіз +33+38°С-тан +39+44°С  өте қатты ыстыққа дейін  жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты  жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.

09-13, 17-22  шілдеде Ақтөбе  облысында ауа температурасы  күндіз +27+32°С-тан, облыстың оңтүстігінде +35°С қатты ыстықтан +37+42°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.

09-13, 17-22  шілдеде Қызылорда облысында ауа температурасы күндіз +32+37°С-тан +37+42°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +45°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен төтенше өрт қаупі сақталады.

15-20  шілдеде Түркістан облысында ауа температурасы күндіз +33+38°С-тан +39+44°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +46°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен  төтенше өрт қаупі сақталады.

15-20 шілдеде Жамбыл облысында ауа температурасы күндіз +33+38°С-тан +36+41°С  қатты ыстыққа дейін,  облыстың оңтүстігінде +43°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты  төтенше өрт қаупі сақталады.

15-21 шілдеде Алматы және Жетісу облыстарында ауа температурасы күндіз +31+36°С-тан +34+39°С қатты ыстыққа дейін, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында +39°С қатты ыстықтан +42°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты  төтенше өрт қаупі сақталады.

18 шілдеде күндіз Ұлытау, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

18-19 шілдеде күндіз Абай облысының оңтүстігінде 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

19 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

17 шілдеде Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Дауылды ескерулер күтіледі:

Астана қ.: 19 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Алматы қ.: 19-21 шілдеде күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Шымкент қ.: 19 шілдеде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

19 шілдеде күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Күндіз облыста 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

19 шілдеде күндіз Қызылорда облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

19 шілдеде күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз  облыстың  оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

19 шілдеде күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

19 шілдеде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 39-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

19 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

19 шілдеде таңертең және күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың орталығында 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

19 шілдеде түнде Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыс бойынша найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

19 шілдеде түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

19 шілдеде Павлодар облысының найзағай, облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі.  Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

19 шілдеде түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

19 шілдеде күндіз Қарағанды облысының шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығыста екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

19 шілдеде түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

19 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

19 шілдеде Маңғыстау облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15 м/с күтіледі. Күндіз 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

19 шілдеде күндіз Атырау облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

19 шілдеде Ақтөбе облысының орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Дата публикации
18 июля 2025
Дата обновления
18 июля 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

Жедел ақпарат
19 июля 2025
Штормовые предупреждения
Жедел ақпарат
18 июля 2025
Дауылды ескертулер
Хабарлама
18 июля 2025
НҚА жобасын орналастыру туралы хабарландыру

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы