МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

 «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескеру сақталады:

09-13, 16-20  шілдеде Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +34+39°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +42°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен  жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.

09-13, 16-21 шілдеде Атырау, Маңғыстау  облыстарында ауа температурасы күндіз +33+38°С-тан +39+44°С  өте қатты ыстыққа дейін  жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты  жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.

 09-13, 17-22  шілдеде Ақтөбе  облысында ауа температурасы  күндіз +27+32°С-тан, облыстың оңтүстігінде +35°С қатты ыстықтан +37+42°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.  Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.

09-13, 17-22  шілдеде Қызылорда облысында ауа температурасы күндіз +32+37°С-тан +37+42°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +45°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен төтенше өрт қаупі сақталады.

Дауылды ескерулер күтіледі:

Астана қ.: 15 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.

Алматы қ.: 16-18 шілдеде күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 15 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

15-20  шілдеде Түркістан облысында ауа температурасы күндіз +33+38°С-тан +39+44°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +46°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен  төтенше өрт қаупі сақталады.

15-20 шілдеде Жамбыл облысында ауа температурасы күндіз +33+38°С-тан +36+41°С  қатты ыстыққа дейін,  облыстың оңтүстігінде +43°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты  төтенше өрт қаупі сақталады.

15-21 шілдеде Алматы және Жетісу облыстарында ауа температурасы күндіз +31+36°С-тан +34+39°С қатты ыстыққа дейін, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында +39°С қатты ыстықтан +42°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты  төтенше өрт қаупі сақталады.

15 шілдеде Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан оңтүстік батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

15 шілдеде түнде Атырау облысының солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.  Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

15 шілдеде күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

15 шілдеде күндіз Ұлытау облысынның солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан,солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-18 м/с.  Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

15 шілдеде күндіз Маңғыстау облысында 38-42 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

15 шілдеде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күндіз екпіні 15-20 м/с күтілед. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі

15 шілдеде таңертең және күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман.  Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

15 шілдеде Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

15 шілдеде күндіз Абай облысының оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

15 шілдеде түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.               

15 шілдеде түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

15 шілдеде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

15 шілдеде күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Онтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз  облыстың  оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

15 шілдеде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.

15 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

15 шілдеде Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

15 шілдеде Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Дата публикации
14 июля 2025
Дата обновления
14 июля 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

Хабарлама
14 июля 2025
НҚА жобасын орналастыру туралы хабарландыру
Жедел ақпарат
14 июля 2025
Дауылды ескертулер
Жедел ақпарат
13 июля 2025
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы