«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескеру сақталады:
08 шілдеде Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың шығысында, солтүстігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады.
08-10 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
09-13, 16-20 шілдеде Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +34+39°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +42°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.
Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.
09-13, 16-21 шілдеде Атырау, Маңғыстау облыстарында ауа температурасы күндіз +33+38°С-тан +39+44°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.
09-13, 17-22 шілдеде Ақтөбе облысында ауа температурасы күндіз +27+32°С-тан, облыстың оңтүстігінде +35°С қатты ыстықтан +37+42°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.
09-13, 17-22 шілдеде Қызылорда облысында ауа температурасы күндіз +32+37°С-тан +37+42°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +45°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен төтенше өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескерулер күтіледі:
Астана қ.: 10 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.
Алматы қ.: 10 шілдеде таңертең және күндіз қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 10 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
10 шілдеде күндіз Алматы облысының тау бөктеріндегі, таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 17-22, кей уақытта 25 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
10 шілдеде күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, облыстың орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.
10 шілдеде күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, күндіз облыс бойынша найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
10 шілдеде күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
10 шілдеде таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
10 шілдеде Абай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
10 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
10 шілдеде түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-18 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
10 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
10 шілдеде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
10 шілдеде Қостанай облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
10 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
10 шілдеде Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
10 шілдеде Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
10 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
10 шілдеде Атырау облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
10 шілдеде күндіз Маңғыстау облысында 38-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.