МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дабылды ескертулер

 «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескерулер сақталады:

07-08 шілдеде Ақтөбе облысының орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Дауылды ескерулер күтіледі:

Алматы қ.: 08 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 08 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

08 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

08 шілдеде түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз облыстың шағысында, оңтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

08 шілдеде Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың шығысында, солтүстігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады. 08-10 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

08 шілдеде Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

08 шілдеде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.                                                        

08 шілдеде Түркістан облысында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

08 шілдеде күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші  15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

08 шілдеде күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні  15-20 м/с.

08 шілдеде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

08 шілдеде күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

08 шілдеде Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

08 шілдеде Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

08 шілдеде Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

08 шілдеде Атырау облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

Дата публикации
07 июля 2025
Дата обновления
07 июля 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

Жедел ақпарат
11 июля 2025
Дауылды ескертулер
10 июля 2025
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2025 жылғы 9 шілде)
Хабарлама
10 июля 2025
НҚА жобасын орналастыру туралы хабарландыру

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы