Дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
05 шілдеде күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.
05-07 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Талдықорған қ.: 05 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.
05-07 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
06 шілдеде күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 25 м/с.
Павлодар қ.: 06 шілдеде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні15-20 м/с.
06 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Өскемен қ.: 06 шілдеде түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
06 шілдеде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Семей қ.: 06 шілдеде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
06 шілдеде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтау қ: 06 шілдеде кей уақыттарда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Жоғары өрт қаупі сақталады.
06 шілдеде түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Астана қ.: 06 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Көкшетау қ.: 06 шілдеде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
06 шілдеде күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық.
Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау қ.: 06 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Жоғары өрт қаупі сақталады.
06 шілдеде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с.
Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы қ.: 06 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.
Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қонаев қ.: 06 шілдеде түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
06 шілдеде түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 23-28 м/с.
Петропавл қ.: 06 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.
06 шілдеде Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Күндіз облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
06-07 шілдеде Түркістан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. 06 шілдеде күндіз облыстың оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі.
06-07 шілдеде облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 06-07 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан қ.: 06-07 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
06 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе қ.: 06 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.
06 шілдеде күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай қ.: 06 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
06 шілдеде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
06 шілдеде Қарағанды облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15 м/с күтіледі.
Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
06 шілдеде күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жезқазған қ.: 06 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
06 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 06 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
06 шілдеде Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 06 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.