«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
2025 жылғы 01-05 шілде аралығында Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында ыстық және құрғақ ауа райы туралы дауылды ескерту
01-04 шілдеде Қызылорда облысында ауа температурасы түнде +17+22°С-тан +25+30°С-қа дейін, күндіз +33+38°С-тан +39+44°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +46°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен төтенше өрт қаупі сақталады.
01-05 шілдеде Түркістан облысында ауа температурасы түнде +17+22°С-тан +25+30°С-қа дейін, күндіз +34+39°С-тан +39+44°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +46°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.
01-05 шілдеде Жамбыл облысында ауа температурасы түнде +17+22°С-тан +25+30°С-қа дейін, күндіз +30+35°С-тан +40+45°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен төтенше өрт қаупі сақталады.
01-05 шілдеде Алматы және Жетісу облыстарында ауа температурасы түнде +15+20°С-тан +23+28°С-қа дейін, күндіз +29+34°С-тан +40+45°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен төтенше өрт қаупі сақталады.
03-04 шілдеде күндіз Ұлытау, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
03-04 шілдеде күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде, шығысында 46 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 04 шілдеде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 46 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
03 шілдеде күндіз Түркістан облысының шөлді аудандарында, 04-05 шілдеде облыстың батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында 46 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
03 шілдеде күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде 43 градус өте қатты ыстық, 04 шілдеде облыс бойынша 43-45 градус өте қатты ыстық, 05 шілдеде облыстың оңтүстігінде, шығысында 45 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
03-05 шілдеде күндіз Алматы облысының батысында, солтүстігінде, орталығында 42 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
03-05 шілдеде күндіз Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 42 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
04-05 шілдеде күндіз Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
03 шілдеде Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 03-05 шілдеде күндіз Алматы облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.
Алматы қ.: 03-05 шілдеде күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 03 шілдеде күндіз 40 градус, 04-05 шілдеде 41-43 градус қатты ыстық күтіледі. 03-05 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
03-05 шілдеде күндіз Түркістан облысында 40-43 градус қатты ыстық күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 05 шілдеде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Шымкент қ.: 5 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
05 шілдеде күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с.
05 шілдеде күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. 05-07 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
05 шілдеде Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық күтіледі.
05 шілдеде Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
05 шілдеде Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
05 шілдеде Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
05 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында, тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.
05 шілдеде Павлодар облысының батысында, орталығында, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
05 шілдеде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда катты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
05 шілдеде Ұлытау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 35-38 градус қатты ыстық. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
05 шілдеде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
05 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз найзағай. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
05 шілдеде күндіз Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз найзағай. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
05 шілдеде күндіз Атырау облысында 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
05 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
05 шілдеде Ақтөбе облысының орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.