Дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында ыстық және құрғақ ауа райы туралы
01-04 шілдеде Қызылорда облысында ауа температурасы түнде +17+22°С-тан +25+30°С-қа дейін, күндіз +33+38°С-тан +39+44°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +46°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.
Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен төтенше өрт қаупі сақталады.
01-05 шілдеде Түркістан облысында ауа температурасы түнде +17+22°С-тан +25+30°С-қа дейін, күндіз +34+39°С-тан +39+44°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +46°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.
Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.
01-05 шілдеде Жамбыл облысында ауа температурасы түнде +17+22°С-тан +25+30°С-қа дейін, күндіз +30+35°С-тан +40+45°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.
Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен төтенше өрт қаупі сақталады.
01-05 шілдеде Алматы және Жетісу облыстарында ауа температурасы түнде +15+20°С-тан +23+28°С-қа дейін, күндіз +29+34°С-тан +40+45°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.
Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен төтенше өрт қаупі сақталады.
01 шілдеде Жетісу облысында батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
01-04 шілдеде облыстың батысында, оңүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Талдықорған қ.: 01-04 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
02 шілдеде Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. 02-04 шілдеде күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.
Талдықорған қ.: 03-04 шілдеде күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.
03-04 шілдеде күндіз Ұлытау, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
03-04 шілдеде күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде, шығысында 46 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 04 шілдеде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 46 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
03 шілдеде күндіз Түркістан облысының шөлді аудандарында, 04-05 шілдеде облыстың батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында 46 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан қ.: 4-5 шілдеде күндіз 46 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
03 шілдеде күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде 43 градус өте қатты ыстық, 04 шілдеде облыс бойынша 43-45 градус өте қатты ыстық, 05 шілдеде облыстың оңтүстігінде, шығысында 45 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
03-05 шілдеде күндіз Алматы облысының батысында, солтүстігінде, орталығында 42 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қонаев қ.: 05 шілдеде күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
03-05 шілдеде күндіз Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 42 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
04-05 шілдеде күндіз Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
03 шілдеде Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
03-05 шілдеде күндіз Алматы облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.
Алматы қ.: 03-05 шілдеде күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.
Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қонаев қ.: 03-04 шілдеде күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
03-05 шілдеде күндіз Түркістан облысында 40-43 градус қатты ыстық күтіледі.
Шымкент қ.: 03 шілдеде күндіз 40 градус, 04-05 шілдеде 41-43 градус қатты ыстық күтіледі.
03-05 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан қ.: 03 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
04 шілдеде күндіз Ақмола облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Астана қ.: 04 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Көкшетау қ.: 4 шілдеде күндіз қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с.
04 шілдеде түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай қ.: 04 шілдеде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
04 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай. Түнде және таңертең облыстың батысында, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Петропавл қ.: 04 шілдеде күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.
04 шілдеде күндіз Павлодар облысының батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
04 шілдеде күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық.
Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды қ.: 04 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
04 шілдеде күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық.
Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жезқазған қ.: 04 шілдеде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 37-39 градус қатты ыстық.
Жоғары өрт қаупі сақталады.
04 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-18 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
04 шілдеде күндіз Абай облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
04 шілдеде түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 04 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
04 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе қ.: 04 шілдеде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
04 шілдеде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
04 шілдеде түнде Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық сақталады.
Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтау қ: 04 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
04 шілдеде күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 41-44 градус қатты ыстық күтіледі.
04 шілдеде Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Тараз қ.: 04 шілдеде күндіз 42 градус қатты ыстық күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
04 шілдеде Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.