«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
2025 жылғы 01-05 шілде аралығында Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында ыстық және құрғақ ауа райы туралы дауылды ескерту
01-04 шілдеде Қызылорда облысында ауа температурасы түнде +17+22°С-тан +25+30°С-қа дейін, күндіз +33+38°С-тан +39+44°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +46°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен төтенше өрт қаупі сақталады.
01-05 шілдеде Түркістан облысында ауа температурасы түнде +17+22°С-тан +25+30°С-қа дейін, күндіз +34+39°С-тан +39+44°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +46°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.
01-05 шілдеде Жамбыл облысында ауа температурасы түнде +17+22°С-тан +25+30°С-қа дейін, күндіз +30+35°С-тан +40+45°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен төтенше өрт қаупі сақталады.
01-05 шілдеде Алматы және Жетісу облыстарында ауа температурасы түнде +15+20°С-тан +23+28°С-қа дейін, күндіз +29+34°С-тан +40+45°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен төтенше өрт қаупі сақталады.
01 шілдеде Жетісу облысында батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. 01-04 шілдеде облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Алматы қ.: 02 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 02 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
02 шілдеде түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
02 шілдеде күндіз Атырау облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
02 шілдеде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
02 шілдеде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
02 шілдеде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
02 шілдеде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
02 шілдеде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
02 шілдеде Ұлытау облысында күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
02 шілдеде күндіз Қарағанды облысының шығысында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
02 шілдеде түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
02 шілдеде түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.
02 шілдеде күндіз Қызылорда облысында 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
02 шілдеде күндіз Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
02 шілдеде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
02 шілдеде Алматы облысыңда солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік- шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
02 шілдеде Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. 02-04 шілдеде күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.