МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 28-29 маусымда күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер

 

28 маусымда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні     15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с. 

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Петропавл қ.: 28 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.

 

28 маусымда Ақтөбе облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе қ.: 28 маусымда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.

 

28 маусымда Қостанай облысының батысында, шығысында қатты жаңбыр күіледі. Найзағай, күндіз облыстың батысында, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай қ.: 28 маусымда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

 

28 маусымда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Өскемен қ.: 28 маусымда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. 

 

 28 маусымда Абай облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Семей қ.: 28 маусымда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. 

 

28 маусымда күндіз Түркістан облысының солтүстігінде найзағай, облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с. 

Төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 28 маусымда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан қ.: 28 маусымда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

 Төтенше өрт қаупі сақталады.

           

28 маусымда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

28 маусымда Ұлытау облысының түнде батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Жезқазған қ.: 28 маусымда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 

 

28 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Тараз қ.: 28 маусымда солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Төтенше өрт қаупі сақталады.

 

28 маусымда түнде Батыс Қазақстан облысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Орал қ.: 28 маусымда найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

 

28 маусымда Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі.

Облыстың солтүстігінде, ортасында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қонаев қ.: 28 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.

 

28-29 маусымда Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

28-29 маусымда облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Талдықорған қ.: 28-29 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.

 

28 маусымда түнде Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.            

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау қ.: 28 маусымда түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

 

28 маусымда Қызылорда облысының түнде солтүстігінде найзағай, дауыл, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың орталығында екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қ.: 28 маусымда күндіз найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Төтенше өрт қаупі сақталады.

 

28 маусымда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

 

28 маусымда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Астана қ.: 28 маусымда күндіз найзағай күтіледі.

Көкшетау қ.: 28 маусымда күндіз найзағай күтіледі.

 

28 маусымда Павлодар облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Павлодар қ.: 28 маусымда түнде және таңертең найзағай күтіледі.

Дата публикации
27 июня 2025
Дата обновления
28 июня 2025
Тип

Сейчас читают

Жедел ақпарат
28 июня 2025
Дауылды ескертулер
Хабарлама
27 июня 2025
Заң бойынша хабарландыру
Хабарлама
27 июня 2025
НҚА жобасын орналастыру туралы хабарландыру

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы