Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 25 маусымда күтілетін ауа райының қауіпті және апатты метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
21 маусымда түнде Алматы облысының онтүстік жартысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстік жартысында екпіні 18-23, кей уақыттарда 28 м/с.
21-25 маусымда облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы қ.: 21 маусымда түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 18 м/с.
Қонаев қ.: 21 маусымда түнде найзағай күтіледі. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 18-23, кей уақыттарда 28 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
21-25 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.
25 маусымда күндіз Алматы облысының батысында, солтүстігінде, орталығында 42 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
25 маусымда күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында 42 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
25 маусымда күндіз Алматы облысының онтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады.
Алматы қ.: 25 маусымда күндіз 36 градус қатты ыстық күтіледі.
Қонаев қ.: 25 маусымда күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады.
25 маусымда Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады.
Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Талдықорған қ.: 25 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Күндіз 36 градус қатты ыстық сақталады.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
25 маусымда таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 25 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.
25 маусымда Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында, күндіз солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 41 градус қатты ыстық сақталады.
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 25 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан қ.: 25 маусымда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
25 маусымда Қызылорда облысында түнде облыстың батысында, орталығында найзағай, дауыл, күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында бұршақ, облыстың орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, түнде күші облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында 23-28 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 25 маусымда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
25 маусымда Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Астана қ.: 25 маусымда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Көкшетау қ.: 25 маусымда түнде және таңертең тұман күтіледі.
25 маусымда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
25 маусымда түнде Павлодар облыстың оңтүстігінде қатты жаңбыр. Облыстың оңтүстік жартысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар қ.: 25 маусымда түнде және таңертең найзағай күтіледі.
25 маусымда түнде және таңертең Қостанай облысыңың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
25 маусымда Ақтөбе облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
25 маусымда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, күндіз дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды қ.: 25 маусымда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
25 маусымда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жезқазған қ.: 25 маусымда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
25 маусымда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Өскемен қ.: 25 маусымда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жоғары өрт қаупі сақталады.
25 маусымда Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Семей қ.: 25 маусымда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
25 маусымда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Орал қ.: 25 маусымда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
25 маусымда түнде Атырау облысының шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау қ.: 25 маусымда түнде найзағай күтіледі.
25 маусымда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтау қ.: 25 маусымда түнде найзағай күтіледі.