МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескерту сақталады:

21 маусымда түнде Алматы облысының оңтүстік жартысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстік жартысында екпіні 18-23, кей уақыттарда 28 м/с. 21-25 маусымда облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 21 маусымда түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 18 м/с.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 24 маусымда таңертең және күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с.

Шымкент қ.: 24 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.

24 маусымда күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай, облыстың оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

24 маусымда күндіз Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

24 маусымда күндіз Маңғыстау облысының батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

24 маусымда Ақтөбе күндіз облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

24 маусымда түнде Қостанай облысының солтүстік-шығысында найзағай, күндіз облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

24 маусымда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

24 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында түнде найзағай, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

24 маусымда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

24 маусымда түнде Абай облысында найзағай күтіледі, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

24 маусымда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

24 маусымда күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

24 маусымда Қарағанды облысының шығысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-18 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

24 маусымда Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

24 маусымда таңертең және күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, шөлді аудандарында 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

24 маусымда күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

24 маусымда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

24 маусымда Жетісу облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Дата публикации
23 июня 2025
Дата обновления
23 июня 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

24 июня 2025
Дауылды ескертулер
Хабарлама
24 июня 2025
НҚА жобасын орналастыру туралы хабарландыру
Хабарлама
24 июня 2025
НҚА жобасын орналастыру туралы хабарландыру

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы