МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескерту сақталады:

16 маусымда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні 15 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. 16-20 маусымда облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 20 маусымда кей уақыттарда найзағай, күндіз дауыл, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Алматы қ.: 20 маусымда күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Шымкент қ.: 20 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.

20 маусымда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта екпіні 23-28 м/с.

20 маусымда Жетісу облысының күндіз облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай.    Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

20 маусымда Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

20 маусымда күндіз Түркістан облысының солтүстігінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.

20 маусымда Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

20 маусымда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде дауыл, күндіз шаңды дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

20 маусымда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

20 маусымда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

20 маусымда таңертең және күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, батысында найзағай күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың батысында бұршақ. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

20 маусымда түнде Ұлытау облысының батысында найзағай, күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.

20 маусымда түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

 20 маусымда түнде Абай облысының оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

20 маусымда түнде Қостанай облысының  солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды.

20 маусымда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз найзағай күтіледі, облыстың солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

20 маусымда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

20 маусымда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады  түнде облыстың шығысында 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

20 маусымда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

Дата публикации
19 июня 2025
Дата обновления
19 июня 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 июня 2025
Дауылды ескертулер
20 июня 2025
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2025 жылғы 19 маусым)
19 июня 2025
НҚА жобасын орналастыру туралы хабарландыру

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы