Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 13-15 маусымда күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
11 маусымда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
11-13 маусымда облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шымкент қ.: 11 маусымда түнде және таңертең найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
11-13 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түркістан қ.: 11-13 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
13 маусымда Алматы облысының таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
13-15 маусымда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қонаев қ.: 13 маусымда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
13-15 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.
13 маусымда Жетісу облыстың таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. 13-15 маусымда облыс бойынша күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады.
13-15 маусымда облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Талдықорған қ.: 13-15 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.
13 маусымда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 13 маусымда кей уақыттарда найзағай күтіледі.
Төтенше өрт қауіпі сақталады.
13 маусымда Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
13 маусымда Қызылорда облысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
13 маусымда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Астана қ.: 13 маусымда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Көкшетау қ.: 13 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с.
13 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Петропавл қ.: 13 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.
13 маусымда күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында күндіз екпіні 15-20 м/с.
Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
13 маусымда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 15 м/с.
Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды қ.: 13 маусымда күндіз найзағай күтіледі.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.
13 маусымда түнде Ұлытау облысының шығысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман.
Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жезқазған қ.: 13 маусымда күндіз найзағай күтіледі.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.
13 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысында 36 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
13 маусымда күндіз Абай облысында 37 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Семей қ.: 13 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.
13 маусымда түнде Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде облыстың батысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды.
Қостанай қ.: 13 маусымда күндіз найзағай күтіледі.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.
13 маусымда түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында найзағай, күндіз областың солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе қ.: 13 маусымда күндіз найзағай күтіледі.
13 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.
13 маусымда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың шығысында, орталықта жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Орал қ.: 13 маусымда күндіз найзағай күтіледі.
Төтенше өрт қауіпі күтіледі.
13 маусымда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың солтүстік-батысында, орталығында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
13 маусымда күндіз Маңғыстау облысында 38 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.