«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
10 маусымда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. 10-12 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. 10-12 маусымда облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Алматы қ.: 10 маусымда кей уақытта найзағай күтіледі.
10 маусымда Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. 10-12 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. 10-12 маусымда облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 12 маусымда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Алматы қ.: 12 маусымда түнде кей уақытта найзағай күтіледі Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Шымкент қ.: 12 маусымда күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
12 маусымда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды.
12 маусымда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
12 маусымда күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.
12 маусымда күндіз Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
12 маусымда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
12 маусымда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
12 маусымда Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында 15-18 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
12 маусымда Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-18 м/с. Облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
12 маусымда Ақмола облысында түнде батысында, оңтүстігінде найзағай, күңдіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
12 маусымда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
12 маусымда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
12 маусымда Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Облыстың батысында бұршақ. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында кей уақыттарда екпіні 15 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
12 маусымда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 15 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
12 маусымда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз областың оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
12 маусымда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
12 маусымда Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.