Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 10-12 маусымда күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер
10 маусымда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
10-12 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
10-12 маусымда облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Алматы қ.: 10 маусымда кей уақытта найзағай күтіледі.
Қонаев қ.: 10-12 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.
10 маусымда Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. 10-12 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
10-12 маусымда облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Талдықорған қ.: 10-12 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады.
10 маусымда Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 10 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қауіпі күтіледі.
10 маусымда Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шымкент қ.: 10 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түркістан қ.: 10 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.
10 маусымда Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда қ.: 10 маусымда түнде және таңертең найзағай күтіледі.
Төтенше өрт қауіпі сақталады.
10 маусымда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі.
Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
10 маусымда Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың солтүстік-батысында, орталығында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Атырау қ.: 10 маусымда түнде найзағай күтіледі. Күндіз 36 градус қатты ыстық күтіледі.
10 маусымда Батыс Қазақстан облысында күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.
10 маусымда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі.
Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе қ.: 10 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.
10 маусымда күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды.
Қостанай қ.: 10 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.
10 маусымда Ақмола облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
10 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Петропавл қ.: 10 маусымда жоғары өрт қауіпі күтіледі.
10 маусымда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
10 маусымда таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с.
Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.
10 маусымда түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында екпіні 15-18 м/с.
Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жезқазған қ.: 10 маусымда кей уақыттарда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15 м/с.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.
10 маусымда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Өскемен қ.: 10 маусымда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
10 маусымда түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында 15-20 м/с.
Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.