Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 09 маусымда күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер
09 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с.
Облыстың батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Өскемен қ.: 09 маусымда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
09 маусымда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с.
Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Семей қ.: 09 маусымда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
09 маусымда түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында түнде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Павлодар қ.: 09 маусымда түнде найзағай күтіледі.
09 маусымда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Астана қ.: 09 маусымда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Көкшетау қ.: 09 маусымда түнде және таңертең тұман күтіледі.
09 маусымда түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды.
Қостанай қ.: 09 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.
09 маусымда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15 м/с.
Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды қ.: 09 маусымда түнде найзағай күтіледі.
09 маусымда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с.
Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жезқазған қ.: 09 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.
09 маусымда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік- шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Алматы қ.: 09 маусымда күндіз найзағай күтіледі.
Қонаев қ.: 09 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.
09 маусымда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Талдықорған қ.: 09 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
09 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 09 маусымда солтүстік-шығыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.
09 маусымда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шымкент қ.: 09 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түркістан қ.: 09 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.
09 маусымда күндіз Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда қ.: 09 маусымда күндіз найзағай күтіледі.
Төтенше өрт қауіпі сақталады.
09 маусымда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі.
Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтау қ: 09 маусымда таңертең және күндіз найзағай күтіледі.
09 маусымда Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Атырау қ.: 09 маусымда күннің соңында найзағай күтіледі.
Төтенше өрт қауіпі сақталады.
09 маусымда Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
09 маусымда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе қ.: 09 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.