МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер     

Астана қ.: 08 маусымда найзағай, күндіз қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-18 м/с.

Алматы қ.: 08 маусымда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

Шымкент қ.: 08 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.

08 маусымда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15–20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.

08 маусымда Ақмола облысында түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

08 маусымда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

08 маусымда Павлодар облысында найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодар облысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

08 маусымда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

08 маусымда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15–20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

08 маусымда таңертең және күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

08 маусымда түнде Абай облысының оңтүстік-батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

08 маусымда Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

08 маусымда Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды.

08 маусымда Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, солтүстікте, шығыста төтенше өрт қауіпі сақталады.

08 маусымда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде  жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

08 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі күтіледі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

08 маусымда Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі, оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде  төтенше өрт қауіпі сақталады.                

08 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

08 маусымда күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

08 маусымда Түркістан облысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі, солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

Дата публикации
07 июня 2025
Дата обновления
07 июня 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

09 июня 2025
Дауылды ескертулер
Хабарлама
09 июня 2025
НҚА жобасын орналастыру туралы хабарландыру
Хабарлама
09 июня 2025
НҚА жобасын орналастыру туралы хабарландыру

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы