Дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
28 мамыр - 01 маусым аралығында Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасының +26+31°С-тан +32+37°С-қа дейін жоғарылауы болжанады.
Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты жоғары және төтенше өрт қауіпі күтіледі.
28 мамыр - 01 маусым аралығында Атырау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасының +27+32°С-тан +34+39°С-қа дейін жоғарылауы болжанады.
Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты жоғары және төтенше өрт қауіпі күтіледі.
28 мамыр - 02 маусым аралығында Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасының күндіз +25+30°С-тан, облыстың оңтүстігінде 35°С-тан +35+40°С-қа дейін жоғарылауы болжанады.
Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты жоғары және төтенше өрт қауіпі күтіледі.
28 мамыр - 02 маусым аралығында Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасының +26+31°С-тан +30+35°С-қа, облыстың оңтүстігінде 38°С дейін жоғарылауы болжанады.
Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты жоғары және төтенше өрт қауіпі күтіледі.
28 мамыр - 02 маусым аралығында Қостанай облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасының +26+31°С-тан +31+36°С-қа дейін жоғарылауы болжанады.
Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты жоғары және төтенше өрт қауіпі күтіледі.
28 мамыр - 03 маусым аралығында Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасының күндіз +25+30°С-тан +30+35°С-қа, облыстың оңтүстігінде 38°С дейін жоғарылауы болжанады.
Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты жоғары және төтенше өрт қауіпі күтіледі.
28 мамыр - 04 маусым аралығында Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасының +26+31°С-тан +38+43°С-қа дейін жоғарылауы болжанады.
Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты төтенше өрт қауіпі сақталады.
01 маусымда Алматы облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с.
01-03 маусымда облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қонаев қ.: 01 маусымда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
Дауылды ескертулер күтіледі:
03 маусымда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күңдіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Астана қ.: 03 маусымда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі.
Көкшетау қ.: 03 маусымда күндіз найзағай күтіледі.
03 маусымда Қостанай облысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды.
Қостанай қ.: 03 маусымда найзағай күтіледі.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.
03 маусымда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады күтіледі.
Петропавл қ.: 03 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
03 маусымда таңертең және күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Павлодар қ.: 03 маусымда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.
03 маусымда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды қ.: 03 маусымда күндіз найзағай күтіледі.
03 маусымда таңертең және күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с, солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жезқазған қ.: 03 маусымда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жоғары өрт қаупі сақталады.
03 маусымда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Өскемен қ.: 03 маусымда күндіз найзағай күтіледі.
03 маусымда Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Облыстың шығысында, оңтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Семей қ.: 03 маусымда күндіз найзағай күтіледі.
03 маусымда Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
03 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 03 маусымда жоғары өрт қауіпі күтіледі.
03 маусымда Түркістан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с.
03-05 маусымда облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі, солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шымкент қ.: 03-05 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түркістан қ.: 03-05 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.
03 маусымда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі.
Төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда қ.: 03 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.
03 маусымда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шғысында күндіз екпіні 15-20 м/с.
Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Орал қ.: 03 маусымда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
03 маусымда Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.
Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтау қ.: 03 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қауіпі сақталады.
03 маусымда Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі.
Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі, оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Атырау қ.: 03 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.
03 маусымда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе қ.: 03 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.