МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 01 - 04 маусымда күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер

 

Дауылды ескертулер сақталады:

 

28 мамыр - 01 маусым аралығында Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасының +26+31°С-тан +32+37°С-қа дейін жоғарылауы болжанады.

Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты жоғары және төтенше өрт қауіпі күтіледі.

28 мамыр - 01 маусым аралығында Атырау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасының +27+32°С-тан +34+39°С-қа дейін жоғарылауы болжанады.

Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты жоғары және төтенше өрт қауіпі күтіледі.

28 мамыр - 02 маусым аралығында Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасының күндіз +25+30°С-тан, облыстың оңтүстігінде 35°С-тан +35+40°С-қа дейін жоғарылауы болжанады.

Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты жоғары және төтенше өрт қауіпі күтіледі.

28 мамыр - 02 маусым аралығында Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасының +26+31°С-тан +30+35°С-қа, облыстың оңтүстігінде 38°С дейін жоғарылауы болжанады.

Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты жоғары және төтенше өрт қауіпі күтіледі.

28 мамыр - 02 маусым аралығында Қостанай облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасының +26+31°С-тан +31+36°С-қа дейін жоғарылауы болжанады.

Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты жоғары және төтенше өрт қауіпі күтіледі.

28 мамыр - 03 маусым аралығында Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасының күндіз +25+30°С-тан +30+35°С-қа, облыстың оңтүстігінде 38°С дейін жоғарылауы болжанады.

Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты жоғары және төтенше өрт қауіпі күтіледі.

28 мамыр - 04 маусым аралығында Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасының +26+31°С-тан +38+43°С-қа дейін жоғарылауы болжанады.

Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

Дауылды ескертулер күтіледі:

 

01 маусымда Алматы облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қонаев қ.: 01 маусымда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

01-03 маусымда облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

       

01 маусымда Жетісу облысының орталығында, шығысында, таулы аудандарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

01 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

01 маусымда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, солтүстігінде, шөлді және тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкент қ.: 01 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түркістан қ.: 01 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

01 маусымда Қызылорда облысында төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда қ.: 01 маусымда төтенше өрт қауіпі сақталады

 

01 маусымда күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды.

Қостанай қ.: 01 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

01 маусымда түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.

Астана қ.: 01 маусымда күндіз найзағай күтіледі.

Көкшетау қ.: 01 маусымда күндіз найзағай күтіледі.

 

 01 маусымда күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі.

Облыс орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың шығысында,  оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар қ.: 01 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

01 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының түнде оңтүстігінде, күндіз батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

 

01 маусымда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман.

Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қарағанды қ.: 01 маусымда күндіз найзағай күтіледі.

 

01 маусымда күндіз Ұлытау облысында 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

 

01 маусымда Шығыс Қазақстан облысының шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-18 м/с.

 

01 маусымда күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

01 маусымда күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 40 градус қатты ыстық күтіледі.

Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Ақтау қ: 01 маусымда төтенше өрт қауіпі күтіледі.

 

01 маусымда Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-18 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе қ.: 01 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

01 маусымда  күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Орал қ.: 01 маусымда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

 

01 маусымда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша қатты ыстық 35 градус күтіледі.

Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде  төтенше өрт қауіпі сақталады.           

Атырау қ.: 01 маусымда найзағай күтіледі.

Төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

Дата публикации
01 июня 2025
Дата обновления
01 июня 2025
Тип

Сейчас читают

03 июня 2025
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2025 жылғы 2 маусым)
Жедел ақпарат
03 июня 2025
Дауылды ескертулер
Жедел ақпарат
02 июня 2025
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы