МЧС

Меню

Страницы

Статья

Штормовое предупреждение

«Қазгидромет» РМК

Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 29 мамыр - 04 маусымда күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы

дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

№ 25 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 27 мамырдан

2025 ж. 27 мамырдың 20 сағ. 2025 ж. 31 мамырдың 20 сағ. аралығы

28 мамырда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

28-31 мамырда облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

2025 жылғы  28 мамыр - 04 маусым аралығында Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс  және оңтүстік аймақтарында ыстық және құрғақ ауа райы туралы

2025 жылғы 27 мамырдағы № 5 дауылды ескерту

 28 мамыр - 01 маусым аралығында Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасының +26+31°С-тан +32+37°С-қа дейін жоғарылауы болжанады.

Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты жоғары және төтенше өрт қауіпі күтіледі.

28 мамыр - 01 маусым аралығында Атырау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасының +27+32°С-тан +34+39°С-қа дейін жоғарылауы болжанады.

Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты жоғары және төтенше өрт қауіпі күтіледі.

28 мамыр - 02 маусым аралығында Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасының күндіз +25+30°С-тан, облыстың оңтүстігінде 35°С-тан   +35+40°С-қа дейін жоғарылауы болжанады.

Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты жоғары және төтенше өрт қауіпі күтіледі.

28 мамыр - 02 маусым аралығында Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасының +26+31°С-тан +30+35°С-қа, облыстың оңтүстігінде 38°С дейін жоғарылауы болжанады.

Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты жоғары және төтенше өрт қауіпі күтіледі.

28 мамыр - 02 маусым аралығында Қостанай облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасының +26+31°С-тан +31+36°С-қа дейін жоғарылауы болжанады.

Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты жоғары және төтенше өрт қауіпі күтіледі.

28 мамыр - 03 маусым аралығында Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасының күндіз +25+30°С-тан +30+35°С-қа, облыстың оңтүстігінде 38°С дейін жоғарылауы болжанады.

Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты жоғары және төтенше өрт қауіпі күтіледі.

28 мамыр - 04 маусым аралығында Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз ауа температурасының +26+31°С-тан +38+43°С-қа дейін жоғарылауы болжанады.

Температуралық фонның жоғарылауы және жауын-шашынсыз ауа райы болжануына байланысты төтенше өрт қауіпі сақталады.

 Дауылды ескертулер күтіледі:

 № 20 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 28 мамырдан

2025 ж. 28 мамыр 20 сағ. 2025 ж. 29 мамыр 20 сағ. аралығы

 29 мамырда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, солтүстігінде, шөлді және тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкент қ.: 29 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түркістан қ.: 29 мамырда кей уақыттарда шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

 № 28 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 28 мамырдан

2025 ж. 28 мамыр 20 сағ. 2025 ж. 29 мамыр 20 сағ. аралығы

29 мамырда күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.  Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша қатты ыстық 35 градус күтіледі.

Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі күтіледі, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.           

 Атырау қ.: 29 мамырда күндіз қатты ыстық 35 градус күтіледі.

Төтенше өрт қауіпі сақталады.

 № 28 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 28 мамырдан

2025 жылғы 28 мамыр 20 сағ. 29 мамыр 20 сағ. аралығы

 29 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-18 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі.

 № 28 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 28 мамырдан

2025 жылғы 28 мамыр 20 сағ. 29 мамыр 20 сағ. аралығы

 29 мамырда түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-18 м/с. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

 № 27 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 28 мамырдан

2025 ж. 28 мамырдың 20 сағ. 29 мамырдың 20 сағ. аралығы

 29 мамырда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Тараз қ.: 29 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 № 28 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 28 мамырдан

2025 ж. 28 мамырдың 20 сағ. 29 мамырдың 20 сағ. аралығы

 29 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қ.: 29 мамырда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

 № 26 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 28 мамырдан

2025 ж. 28 мамыр 20 сағ. 2025 ж. 29 мамыр 20 сағ. аралығы

 29 мамырда Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

 № 25 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 28 мамырдан

2025 ж. 28 мамыр 20 сағ. 2025 ж. 29 мамыр 20 сағ. аралығы

 

29 мамырда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

№ 28 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 28 мамырдан

2025 ж. 28 мамыр 20 сағ. 29 мамыр 20 сағ. аралығы

29 мамырда Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе қ.: 29 мамырда жоғары өрт қауіпі күтіледі.

№ 27 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 28 мамырдан

2025 ж. 28 мамыр 20 сағ. 2025 ж. 29 мамыр 20 сағ. аралығы

29 мамырда Павлодар облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар қ.: 29 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.

 № 27 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 28 мамырдан

2025 ж. 28 мамырдың 20 сағ. 29 мамырдың 20 сағ. аралығы

29 мамырда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші түнде облыстың солтүстігінде, орталығында  15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі.

Төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда қ.: 29 мамырда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші күндіз 15-20 м/с күтіледі.

Төтенше өрт қауіпі сақталады.

№ 28 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 28 мамырдан

2025 ж. 28 мамырдың 20 сағ. 29 мамырдың 20 сағ. аралығы

 29 мамырда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

№ 28 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 28 мамырдан

2025 ж. 28 мамыр 20 сағ. 2025 ж. 29 мамыр 20 сағ. аралығы

 29 мамырда Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жезқазған қ.: 29 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 № 28 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 28 мамырдан

2025 ж. 29 мамыр 05 сағ. 2025 ж. 29 мамыр 20 сағ. аралығы

       

29 мамырда Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі.

№ 26 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 28 мамырдан

2025 ж. 29 мамырдың 08 сағ. 2025 ж. 29 мамырдың 20 сағ. аралығы

29 мамырда Алматы облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

№ 28 ҚҚ дауылды ескерту

2025 жылғы 28 мамырдан

2025 ж. 28 мамыр 20 сағ. 2025 ж. 29 мамыр 20 сағ. аралығы.

29 мамырда Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды.

 № 28 ҚҚ дауылды ескерту

  2025 жылғы 28 мамырдан         

2025 ж. 28 мамыр 20 сағ. 2025 ж. 29 мамыр 20 сағ. аралығы

  29 мамырда Маңғыстау облысының батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

 Ақтау қ.: 29 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Дата публикации
28 мая 2025
Дата обновления
28 мая 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

30 мая 2025
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2025 жылғы 29 мамыр)
Жедел ақпарат
30 мая 2025
Дауылды ескертулер
28 мая 2025
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы