МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

26-27 мамырда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.

26-27 мамырда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.

27-28 мамырда түнде Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.

25 мамырда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 25-27 мамырда облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Шымкент қ.: 27 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

27 мамырда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.

27 мамырда Жетісу облысының таулы аудандарында түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр. Облыстың орталығында, шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

27 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

27 мамырда Абай облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады

27 мамырда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

27 мамырда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 1 градус үсік күтіледі.

27 мамырда түнде Павлодар облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстысың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

27 мамырда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды.

27 мамырда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с  күтіледі.

27 мамырда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

27 мамырда Түркістан облысында оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, солтүстігінде, шөлді және тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

27 мамырда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында 23 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың орталығында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

27 мамырда күндіз Атырау облысының батысында шаңды дауыл күтіледі.  Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

27 мамырда Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде 1 градус үсік сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

27 мамырда Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

27 мамырда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі.

27 мамырда күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Дата публикации
26 мая 2025
Дата обновления
26 мая 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

28 мая 2025
Дауылды ескертулер
Хабарлама
27 мая 2025
НҚА жобасын орналастыру туралы хабарландыру
Хабарлама
27 мая 2025
НҚА жобасын орналастыру туралы хабарландыру

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы