ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 25 мамырда Астана уақытымен 15 сағат 08 мин жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында 338 шақырым жерде орналасқан. Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер
Құлан а. - 3 б.
Меркі а. - 2 б.
«Қазгидромет» РМК
Дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
25 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.
25 мамырда түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. 26 мамырда облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі.
25 мамырда түнде Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. 26 мамырда 1-6 градус үсік күтіледі.
Петропавл қ.: 25 мамырда түнде 2 градус үсік күтіледі. 26 мамырда 1-3 градус үсік күтіледі.
25 мамырда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. 26 мамырда облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі.
Астана қ.: 26 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
26 мамырда түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.
26-27 мамырда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.
26-27 мамырда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.
27-28 мамырда түнде Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.
25 мамырда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
25-27 мамырда облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
26 мамырда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыс бойынша найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Өскемен қ.: 26 мамырда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
26 мамырда Абай облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі, күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.
Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады
Семей қ.: 26 мамырда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
26 мамырда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23, кей уақытта 28 м/с.
Алматы қ.: 26 мамырда кей уақытта найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с.
Қонаев қ.: 26 мамырда кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с.
26 мамырда түнде Жетісу облысында, күндіз облыстаң солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Талдықорған қ.: 26 мамырда найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.
26 мамырда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 26 мамырда таңертең және күндіз найзағай күтіледі.
26 мамырда Түркістан облысында оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, солтүстігінде, шөлді және тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шымкент қ.: 26 мамырда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Төтенше өрт қауіпі сақталады.
26 мамырда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда қ.: 26 мамырда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қауіпі сақталады.
26 мамырда Қостанай облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15 м/с.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды.
Қостанай қ.: 26 мамырда түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
26 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с.
Петропавл қ.: 26 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
26 мамырда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Астана қ.: 26 мамырда солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Көкшетау қ.: 26 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
26 мамырда Павлодар облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстысың батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.
Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Павлодар қ: 26 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.
26 мамырда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды қ.: 26 мамырда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
26 мамырда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жезқазған қ.: 26 мамырда солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
26 мамырда Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
26 мамырда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Орал қ.: 26 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі.
26 мамырда Атырау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Атырау қ.: 26 мамырда төтенше өрт қауіпі сақталады.
26 мамырда Маңғыстау облысының батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақтау қ: 26 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.