МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

11-16 мамырда Қызылорда, Түркістан облыстарында жауын-шашынсыз кезең және ауа температурасының күндіз 30-35°С-тан 35-40°С-қа дейін, облыстардың оңтүстігінде 43°С-қа дейін  жоғарылауы болжанады. Жоғары температуралық фон және жауын-шашынсыз кезең болжамымен жоғары және төтенше өрт қауіпі сақталады, Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

12-16 мамырда Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде ауа температурасы күндіз 25-30°С-тан 30-35°С-қа дейін, Ұлытау облысының оңтүстігінде 40°С-қа дейін көтеріледі деп күтілуде. Жоғары температуралық фон болжамымен жоғары өрт қауіпі сақталады, төтенше өрт қауіпі күтіледі.

12-17 мамырда Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында жауын-шашынсыз кезең, күндіз ауа температурасының 25-30°С-тан 33-38°С-қа дейін, Жамбыл облысының шөлді аудандарында 41°С-қа дейін көтерілуі күтіледі. Жоғары температуралық фон және жауын-шашынсыз кезең болжамымен жоғары өрт қауіпі сақталады,  төтенше өрт қауіпі күтіледі.

11-15 мамырда Түркістан облысы бойынша төтенше өрт қауіпі, таулы аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 11-15 мамырда төтенше өрт қауіпі сақталады.

Дауылды ескертулер күтіледі:

14 мамырда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

15 мамырда күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Астана қ.: 15 мамырда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

14 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында түнде оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.

14 мамырда Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

14 мамырда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

14 мамырда күндіз Ақтөбе облысының батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстікке ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

14 мамырда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 14-16 мамырда күндіз Алматы облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.           

Күндіз 14, тәулік бойы 15-16 мамырда Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с күтіледі. 14-16 мамырда күндіз 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.  

14-16 мамырда облыстын солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында, жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

14 мамырда күндіз Қызылорда облысында 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

14 мамырда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.        

14 мамырда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

14 мамырда Атырау облысының батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз бұршақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.    

14 мамырда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

14 мамырда Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

14 мамырда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.      

14 мамырда күндіз Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталалады.

14 мамырда күңдіз Ұлытау облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

 

Дата публикации
13 мая 2025
Дата обновления
13 мая 2025
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

Жедел ақпарат
13 мая 2025
Дауылды ескертулер
12 мая 2025
Дауылды ескертулер
Жедел ақпарат
11 мая 2025
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Instagram
Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы