Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылдың 12-17 мамырда күтілетін ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
11-16 мамырда Қызылорда, Түркістан облыстарында жауын-шашынсыз кезең және ауа температурасының күндіз 30-35°С-тан 35-40°С-қа дейін, облыстардың оңтүстігінде 43°С-қа дейін жоғарылауы болжанады.
Жоғары температуралық фон және жауын-шашынсыз кезең болжамымен жоғары және төтенше өрт қауіпі сақталады, Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.
12-16 мамырда Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде ауа температурасы күндіз 25-30°С-тан 30-35°С-қа дейін, Ұлытау облысының оңтүстігінде 40°С-қа дейін көтеріледі деп күтілуде.
Жоғары температуралық фон болжамымен жоғары өрт қауіпі сақталады, төтенше өрт қауіпі күтіледі.
12-17 мамырда Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында жауын-шашынсыз кезең, күндіз ауа температурасының 25-30°С-тан 33-38°С-қа дейін, Жамбыл облысының шөлді аудандарында 41°С-қа дейін көтерілуі күтіледі.
Жоғары температуралық фон және жауын-шашынсыз кезең болжамымен жоғары өрт қауіпі сақталады, төтенше өрт қауіпі күтіледі.
11-15 мамырда Түркістан облысы бойынша төтенше өрт қауіпі, таулы аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 11-15 мамырда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түркістан қ.: 11-15 мамырда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
12 мамырда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі.
Облыстың орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады, солтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Алматы қ.: 12 мамырда түнде найзағай күтіледі.
Қонаев қ.: 12 мамырда төтенше өрт қауіпі сақталады.
12 мамырда Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенші өрт қауіпі сақталады.
12 мамырда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Тараз қ.: 12 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
12 мамырда Қызылорда облысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда қ.: 12 мамырда төтенше өрт қауіпі сақталады.
12 мамырда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде кей уақыттарда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Астана қ.: 12 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Көкшетау қ.: 12 мамырда кей уақыттарда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі.
12 мамырда күндіз Павлодар облысында облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі.
Облыстың оңтүстік жартысыңда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Павлодар қ: 12 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.
12 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының күндіз оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
12 мамырда түнде Қостанай облысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қостанай қ: 12 мамырда найзағай күтіледі.
12 мамырда түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды қ.: 12 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.
12 мамырда Ұлытау облысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жезқазған қ.: 12 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.
12 мамырда түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Семей қ.: 12 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.
12 мамырда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Өскемен қ.: 12 мамырда түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15 м/с.
12 мамырда Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе қ.: 12 мамырда оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.
12 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Орал қ.: 12 мамырда түнде найзағай күтіледі.
12 мамырда Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Атырау қ.: 12 мамырда солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.
12 мамырда Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі.
Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақтау қ: 12 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жоғары өрт қауіпі сақталады.