«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
Петропавл қ. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 22 см-ге). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1116 см (қауіпті деңгей – 1130 см; осы деңгейге жеткен жағдайда теміржол төсемесінің шайылуы мүмкін). Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Долматово а. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (тәулік ішінде 31 см-ге). 22:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1393 см (қолайсыз деңгей – 1430 см (судың жайылмаға шығуының басталуы); қауіпті деңгей – 1450 см (осы деңгейге жеткенде ауылдың бір бөлігін (тұрғын үйлерді) су басуы мүмкін). Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейінің одан әрі қарай көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін. Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында 10-12 мамыр аралығында қатты жаңбыр болжамына байланысты беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты кейбір аумақтарды су жайылуы мен су басуы мүмкін. Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және өзен ағысынан төмен орналасқан жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер сақталады:
11-16 мамырда Қызылорда, Түркістан облыстарында жауын-шашынсыз кезең және ауа температурасының күндіз 30-35°С-тан 35-40°С-қа дейін, облыстардың оңтүстігінде 43°С-қа дейін жоғарылауы болжанады. Жоғары температуралық фон және жауын-шашынсыз кезең болжамымен жоғары және төтенше өрт қауіпі сақталады, Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.
12-16 мамырда Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде ауа температурасы күндіз 25-30°С-тан 30-35°С-қа дейін, Ұлытау облысының оңтүстігінде 40°С-қа дейін көтеріледі деп күтілуде. Жоғары температуралық фон болжамымен жоғары өрт қауіпі сақталады, төтенше өрт қауіпі күтіледі.
12-17 мамырда Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында жауын-шашынсыз кезең, күндіз ауа температурасының 25-30°С-тан 33-38°С-қа дейін, Жамбыл облысының шөлді аудандарында 41°С-қа дейін көтерілуі күтіледі. Жоғары температуралық фон және жауын-шашынсыз кезең болжамымен жоғары өрт қауіпі сақталады, төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
11 мамырда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
11 мамырда таңертең және күндіз Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі, солтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Алматы қ.: 11 мамырда таңертең және күндіз найзағай күтіледі.
11 мамырда Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенші өрт қауіпі сақталады.
11-15 мамырда Түркістан облысы бойынша төтенше өрт қауіпі, таулы аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 11-15 мамырда төтенше өрт қауіпі сақталады.
11 мамырда Қызылорда облысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
11 мамырда Ақмола облысының түнде солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Астана қ.: 11 мамырда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
11 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының түнде солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
11 мамырда Павлодар облысында найзағай, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
11 мамырда Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
11 мамырда күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады.
11 мамырда Ұлытау облысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
11 мамырда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Найзағай. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
11 мамырда түнде Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
11 мамырда түнде Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.
11 мамырда күндіз Атырау облысының батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысып жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
11 мамырда Батыс Қазақстан облысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
11 мамырда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.